22
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – әр мектептің басты әрекеті. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының дәстүрі, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда лицейде оқушыларды қолөнерге баулу, олардың шеберлігін дамыту қолға алынған. Мәселен, 6 "Б" сынып оқушылары бүгінгі көркем еңбек сабағында қолөнер жұмыстарын дәріптеп, өрмек тоқуды насихаттады.