МОН РК: ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » МОН РК: ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ
12
январь
2022

МОН РК: ҚАҢТАРДАҒЫ ЕНТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Қаңтар айындағы ЕНТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұған дейін өтінішдерді қабылдау 24 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі кезеңге жоспарланған болатын. Алайда туындаған жағдайға байланысты және талапкерлердің мүдделерін ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мерзімді 21 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Сондай-ақ ЕНТ-ны өткізу мерзімі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығынан кейінге шегерілді. Енді тестілеу 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұл тестілеуге шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ЕНТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер университеттерге ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: