Лицей мұғалімі "Лучший педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Лицей мұғалімі "Лучший педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды
01
октябрь
2021

Лицей мұғалімі "Лучший педагог - 2021" байқауының үздігі деп танылды

     Осы аптада Қостанай қаласында білім беру саласы бойынша өте маңызды іс-шара өтті. Преподавателидің кәсіби мерекесі негізінде «Лучший педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, үздіктері анықталды.
Биылғы жылмен алғанда оныншы мәрте өткізіліп жатқан мерейтойлық рәсімге ҚР 30 жылдығы қарсаңында және көрнекті ағартушы, Ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы датаны ескере отырып үздік мұғалімдерді марапаттау кеші ұлы ағартушының туған жерінде өткізілді.
Аталған іс-шараға мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі, шебер-ұстаз Слямгалиева Гүлнәр Нәбиқызы да қатысып, "Лучший педагог - 2021" байқауының жеңімпазы атанды. Осы орайда лицей әкімшілігі мен мұғалімдері атынан Гүлнәр Нәбиқызын үздік жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: