Физика және информатика кафедрасының мұғалімдері Коммунальноеның пәндік сессиялық отырысына қатысты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Физика және информатика кафедрасының мұғалімдері Коммунальноеның пәндік сессиялық отырысына қатысты
20
август
2021

Физика және информатика кафедрасының мұғалімдері Коммунальноеның пәндік сессиялық отырысына қатысты

2021 жылғы 20 тамыз күні "Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру" мақсатында Коммунальноеның пәндік сессиялық отырысы онлайн форматта өтті. Специализированный лицей №178дің физика және информатика пәндер мұғалімдері қатысып, алдағы оқу жылына қойылған міндеттемелермен танысты.
Білім – тамыры терең, танымы мол ерекше ұғым. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Білім – бақтың жібермейтін қазығы» деп білім мен бақыттың ажырамайтыны туралы нақыл сөз айтқан. Олай болса, білімді әрі бақытты жастарды тәрбиелеу бүгінгі ұстаз атқарып отырған ұлағатты іс. Осыған байланысты, білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді.
Алматы қалалық "Педагог-шебер" - озық тәжірибе" бағдарламасын іске асыру - озық педагогикалық тәжірибені тарату бойынша бірыңғай шығармашылық, инновациялық кеңістік құрудың маңызды факторы ретінде лицейіміздің физика пәнінің мұғалімі Слямгалиева Гүльнар Набиевна "Физика сабағында қашықтан оқыту арқылы бала тұлғасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру" тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: