Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді
09
август
2021

Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өткізілді

2021 жылғы 9 тамызда Коммунальное Специализированный лицей №178дің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Рапилованың ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Абайтанушы Ж.Ш. Алшынбекұлымен онлайн кездесу өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту.
Кездесу барысында Жабал Алшынбекұлы заманында Абайдың шығармалары шырғалаңға ұшырап, кеңестік идеологияның қатаң сүзгісінен өткенін әңгімелей келе, ақын өлеңдері және қара сөздерімен келешек ұрпаққа не айтқысы келгенін, әр қара сөзінің терең мағынасына тоқталып, өзінің ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар Абайдың өміріне қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, өздеріне жақын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінді оқып берді. Кездесу соңында қатысушылар Жабал Шайынбет Алшынбекұлына алғыстарын айтып, өздерінің тілек-ұсыныстарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: