Поэзия ақыны Жүрсін Ерманмен "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп..." тақырыбында кездесу өткізілілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » Поэзия ақыны Жүрсін Ерманмен "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп..." тақырыбында кездесу өткізілілді
30
апрель
2021

Поэзия ақыны Жүрсін Ерманмен "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп..." тақырыбында кездесу өткізілілді

Поэзияның қара нары - Жүрсін Ерман Специализированный лицей №178дің оқушыларымен кездесіп, жеңімпаз және жүлдегер оқушыларымызды марапаттады
Алатау ауданына қарасты "Alatau Creative Hub" мәдени орталығының қолдауымен, Специализированный лицей №178дің ұйымдастыруымен, санитарлық талапқа сай, айтыс өнерінің абызы, поэзия ақыны Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына арналған "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп..." тақырыбында өткізілген қалалық онлайн өлең байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау үшін, ақынның өзі оқушыларымызбен кездесуге арнайы келді.
Қазақ поэзиясында өзіндік тұлғасы қалыптасқан, төл өнердің жанашыры, әрі қолдаушысы Жүрсін Ерман мамандандырылған лицейдің оқушыларымен сүбелі сұқбат жүргізіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты. Сондай-ақ лицейіміздің дарынды, талантты оқушылары ақынның бірнеше өлеңдерін оқып, керемет кездесудің куәгері болды.
Қазақ поэзиясының қара нары өзінің өмірі мен айтыс жолындағы қиын және қызықты кездерін еске алып, сыр шертіп, оқушылардың өнеріне тәнті болды.
Кеш соңында Жүрсін Молдашұлы жеңімпаз және жүлдегер оқушыларымызға, ҚР Айтыс ақындары және жыршы термешілердің халықаралық одағы басқарма төрағасының қолы қойылып, мөрі соғылған мадақтамаларын табыс етіп, өзінің V томдық кітаптарын сыйлыққа берді.
Ақынмен бірге Қазақ радиосының корифей дикторы, жары Бақытжамал Ерманова мен жүйрік ақындары Ринат Заитов, Қазірет Бердіхан, Шұғайып Сезімхан есімді айтыс ақындары кездесуге келді.
Ал, лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан Жүрсін Молдашұлы мен Бақытжамал Ермановаға мамандандырылған лицейдің директоры Қайратбек Хамзаханұлының арнайы Алғыс хатын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Мерейлі 70 жасыңыз құтты болсын, Жүрсін Молдашұлы!
Сонымен Жүрсін Ерман өлеңдерін оқудан "Қазақ іздеп жүрмін мен, қазақ іздеп..." тақырыбында өткізілген қалалық онлайн өлең оқу байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: