13
март
2021
10-11 сыныптардың ата-аналарымен онлайн-кездесу өтті
2021 жылдың 13 наурызында сағат 11:00-де ZOOM платформасында № 178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сыныптардың ата-аналарымен қашықтық оқыту жағдайында балаларды тәрбиелеу мәселелерінде, "лицей – бала – ата-ана" қарым-қатынасы мен өзара ықпалдасуына қатысты психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша барлық толғандыратын мәселелерде ата-аналарға пәрменді көмек көрсету мақсатында онлайн-кездесу өтті. Родителям арналған онлайн-сұхбатқа лицей директоры, директордың тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, лицей психологы, лицей тәлімгері және лицейдің 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында ата-аналар өздерінің көкейтесті сұрақтарын сұрап, өте белсенді болды. Кездесу соңында ата-аналар өзекті мәселелер қозғалғанын және өздеріне қажетті толық ақпарат алғандарын айтып, екі жақты байланыс үшін лицей әкімшілігіне алғыстарын айтты.