III тоқсанда 9 және 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » III тоқсанда 9 және 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды
11
январь
2021

III тоқсанда 9 және 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды

    ІІІ тоқсаннан бастап №178 лицейдің 9, 11 сынып оқушылары аралас оқыту форматына көшеді. Аралас оқыту форматына көшуі бітіруші сыныптарды қорытынды аттестаттауға және Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу емтихандарын тапсыруға дайындаумен негізделеді. Аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқиды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне: орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70%-ын құрайды. Сондай-ақ пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады: информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері. 
    Школыде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр сынып үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: