12
декабрь
2020
«Алтын сақа» олимпиадасы
Коммунальное «Зерделі ақыл – ой дамыту орталығы» және № 178 лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының білімге деген көзқарастарын қалыптастыру, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Олимпиада қорытындысы бойынша, 6 сыныптан - 11 оқушы, 5 сыныптан - 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды! Құттықтаймыз!
Келесі кезеңге 4 оқушы жолдама алды. Олар: Бахмен Аружан 5 сынып, Нұржігіт Нұрдаулет 5 сынып, Халмет Елдар 6 сынып, Макетай Дінмұхаммед 6 сынып. Келесі кезеңнен сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз!