24
ноябрь
2020
"Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталық
№178 лицейде 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күніне орай "Ұлт көшбасшысы" тақырыбындағы апталықтың іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес, 24 қараша күні 7 «Ж» сыныбында «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, 9 «Д» сыныбында «Ел сенімін ақтаған - Елбасы!» тақырыбында зияткерлік сайыс, 10 «Д» сыныбында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» тақырыбында білімгерлер сайысы өтті. Мероприятие оқушылардың назарын Ұлт көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, оқушылардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өздерінің тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.