10
ноябрь
2020
«Абай әлемі» республикалық байқауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстанның этнос жастары өкілдері арасында «Абай әлемі» республикалық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Байқауға №178 лицейдің 10 «Ғ» сынып оқушысы Нұртай Нұртас Бейбітұлы қатысып, «Абай әлемі» республикалық байқауында «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері болып, марапатталды.
Жетекшісі: Ертуғанова Балжан