"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
» » "Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы
01
ноябрь
2020

"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы

    Коммунальное Алатау ауданы №178 лицейінде 17-27 қазан аралығында "Математика - ақыл-ойдың әуені" тақырыбында  өткізілген математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы қашықтық жағдайда салтанатты түрде өткізілді. Математика мұғалімдері мен дәл ғылымға зор қызығушылығын танытқан 5-11 сынып оқушыларының ынта дәрежесін дамытатын ашық сабақтар, математикалық олимпиадалар, зияткерлік сайыстардың қорытындысы шығарылып, онкүндік беттерінен бейне көрсетілім қойылды. 
   Онкүндік барысында математика пәні мұғалімдері өздерінің шығармашыл ізденістерін ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда, шеберлік сыныптарында көрсетіп, тәжірибе алмасты. Онкүндік іс-шаралары педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту, математика ғылымына қызуғушылығы мен ой-өрісін кеңейтуге үлес қосты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: