«Кәсіпкер болуды неге қаладыңыз?» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Коммунальное
государственное учреждение
"Специализированный лицей №178"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Версия для
слабовидящих
16
октябрь
2020

«Кәсіпкер болуды неге қаладыңыз?»

2020 жылдың 16 қазан күні №178 лицейде оқушыларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.С.Шажабаева мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Кутумовтың ұйымдастыруымен «Кәсіпкер болуды неге қаладыңыз?» тақырыбында әлемдік брендтер Yokohama және Triangle tyres заводтарының орталық Азиядағы ресми өкілі, “Daco motors KZ” ЖШС-інің директоры Тау Нұрымбек мырзамен онлайн кездесу өтті.
Тау Нұрымбек мырза кәсіпкерлік туралы қарапайым тілмен түсіндіріп, оқушылармен еркін форматта әңгіме жүргізді. Кез-келген кәсіпкер үшін өмірде қажет болатын құзыреттіліктер төңірегінде, бизнеске қажетті кәсіби команданы жинау маңыздылығы жайында, кәсіпкерліктің бастауына арналған идеяны дамыту мен қаржы көздерін қалай тарту керектігі жөніндегі өз ойларымен бөлісті. Шараға қатысқан белсенді оқушылар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: