14
сентябрь
2020
"Білімпаз отбасы" зияткерлік сайысы өтті
2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілген. Сол жылдан бері Отбасы күні жылда аталып өтіледі. Биылғы жылы мерекеге орай №178 лицейде 14 қыркүйек күні 8 сыныптардың жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Білімпаз отбасы" атты отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Шараның басты мақсаты - ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, оқушыларға отбасы құндылығының мәнін түсіндіру. Сайысқа оқушылар ата-аналарымен бірге қатысып, нәтижесінде 8 "в" сыныбы "Ыстық ұя" тобы - Бас жүлде, 8 "з" сыныбы "Ақ босаға" тобы - І орын, 8 "ә" сыныбы "Алтын ұя" тобы - ІІ орын, 8 "д" сыныбы "Асыл мұра" тобы - ІІІ орын иеленді.