18
май
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
Жастардың бойына адалдықты, парасаттылықтың сіңіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен барлық оқу орындарында "Адалдық сағаты" өткізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында: "Абайды білу - өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы, жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс"-деп атап көрсетті.
18 мамыр 2020 жылы Абайдың 175 жылдығына орай "Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай" тақырыбында өткізілген онлайн дәріс сабағына 178 лицейден 1976 оқушы қатысты. Дәріс жас ұрпақты адалдыққа, парасатты болуға шақырған Ұлы ойшылға арналды.