Оқушыларға - КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы http://178.alschool.kz/ ru Оқушыларға - КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы DataLife Engine 10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл тоғызқұмалақ спорт түрінен жеңімпаз атанды http://178.alschool.kz/main/4125-10-synyp-oushysy-uanyshbaj-nrasyl-toyzmala-sport-trnen-zhempaz-atandy.html http://178.alschool.kz/main/4125-10-synyp-oushysy-uanyshbaj-nrasyl-toyzmala-sport-trnen-zhempaz-atandy.html      Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында "Open Air Sport" бағдарламасында тоғызқұмалақ спорт түрінен лицейіміздің 10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл 1-орынды жеңіп алды. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болғай! 
]]>
     Алматы қаласы Білім басқармасы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының" ұйымдастыруымен "Алматы БАЛАFEST" фестивалі аясында "Open Air Sport" бағдарламасында тоғызқұмалақ спорт түрінен лицейіміздің 10-сынып оқушысы Қуанышбай Нұрасыл 1-орынды жеңіп алды. Жарайсың! Бағындырар шыңдарың биік болғай! 
]]>
admin Mon, 29 Apr 2024 17:00:45 +0600
Озық ойлы шәкірттеріміз SDU университетінің 4 жылдық грантының иегері http://178.alschool.kz/main/4113-ozy-ojly-shkrttermz-sdu-universitetn-4-zhyldy-grantyny-ieger.html http://178.alschool.kz/main/4113-ozy-ojly-shkrttermz-sdu-universitetn-4-zhyldy-grantyny-ieger.html      SDU университетінде SPT 2024 олимпиадасы өтті. SPT олимпиадасы - SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиадаға биыл республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты.
     SPT олимпиадаға N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары қатысып,    “математика-физика” кластері бойынша Мырзабекова Марал Ержанқызы, “математика-география” кластері бойынша Нұрланова Даяна Маратқызы SDU University 100% грант иесі атанды. Грантқа қол жеткізген озық ойлы шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


]]>
     SDU университетінде SPT 2024 олимпиадасы өтті. SPT олимпиадасы - SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиадаға биыл республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты.
     SPT олимпиадаға N178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары қатысып,    “математика-физика” кластері бойынша Мырзабекова Марал Ержанқызы, “математика-география” кластері бойынша Нұрланова Даяна Маратқызы SDU University 100% грант иесі атанды. Грантқа қол жеткізген озық ойлы шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!


]]>
admin Fri, 26 Apr 2024 18:00:50 +0600
Лицей оқушылары Kazakhtan Smart Space 3-ші халықаралық байқауының жүлдегері атанды http://178.alschool.kz/main/4077-licej-oushylary-kazakhtan-smart-space-3-sh-halyaraly-bajauyny-zhldeger-atandy.html http://178.alschool.kz/main/4077-licej-oushylary-kazakhtan-smart-space-3-sh-halyaraly-bajauyny-zhldeger-atandy.html       11-12.04.2024 ж. аралығында ғарыштық технологиялар мен инженерия бойынша мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары студенттері  арасындағы Kazakhtan Smart Space 3-ші халықаралық байқауы өтті. 
      12 - 16 жас аралығындағы «Зерттеу жобасы» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицей оқушылары Байжұма Айзере, Ирзаев Бағдат, Қайрат Нариман "Ғаламшарлар бетін зерттеу" тақырыбы бойынша 2-дәрежелі дипломмен, 30000 теңгелік сертификатпен және Байқоңыр космодромына жолдамамен марапатталды.  Оқушыларды және жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!



]]>
      11-12.04.2024 ж. аралығында ғарыштық технологиялар мен инженерия бойынша мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары студенттері  арасындағы Kazakhtan Smart Space 3-ші халықаралық байқауы өтті. 
      12 - 16 жас аралығындағы «Зерттеу жобасы» номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицей оқушылары Байжұма Айзере, Ирзаев Бағдат, Қайрат Нариман "Ғаламшарлар бетін зерттеу" тақырыбы бойынша 2-дәрежелі дипломмен, 30000 теңгелік сертификатпен және Байқоңыр космодромына жолдамамен марапатталды.  Оқушыларды және жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!



]]>
admin Fri, 12 Apr 2024 14:00:35 +0600
Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған форум өтті http://178.alschool.kz/main/4079-ylym-yzmetkerler-kn-men-akademik-anysh-stbaevty-125-zhyldyyna-oraj-oushylara-arnalan-forum-tt.html http://178.alschool.kz/main/4079-ylym-yzmetkerler-kn-men-akademik-anysh-stbaevty-125-zhyldyyna-oraj-oushylara-arnalan-forum-tt.html       Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында еліміздегі Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты халықаралық ғылыми форум өтті. 
      Іс-шараны балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды. Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздегі оқушылар мен мұғалімдер қатысты.№ 178 мамандандырылған лицейдің білім шыңына ұмтылған дарынды оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
]]>
      Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында еліміздегі Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты халықаралық ғылыми форум өтті. 
      Іс-шараны балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды. Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздегі оқушылар мен мұғалімдер қатысты.№ 178 мамандандырылған лицейдің білім шыңына ұмтылған дарынды оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
]]>
admin Thu, 11 Apr 2024 11:45:20 +0600
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті кітабым" Республикалық челленджі өтті http://178.alschool.kz/main/4072-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-men-sjkt-ktabym-respublikaly-chellendzh-jymdastyryldy.html http://178.alschool.kz/main/4072-oua-shtar-mektep-zhobasy-ajasynda-men-sjkt-ktabym-respublikaly-chellendzh-jymdastyryldy.html       "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті кітабым" Республикалық челленджі аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабы бойынша аудан мектептері арасында ұйымдастырылған қойылымға қатысып, белсенді өнер көрсеткендері үшін лицейіміздің 7 "В" сынып оқушылары Бекболат Мерейім мен Есенбек Нұржас дипломмен марапатталды. 
Жетекшілері: Төлендиева Самал Төлендіқызы, Жунисбекова Гулшира Бақтиярқызы
]]>
      "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Менің сүйікті кітабым" Республикалық челленджі аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" кітабы бойынша аудан мектептері арасында ұйымдастырылған қойылымға қатысып, белсенді өнер көрсеткендері үшін лицейіміздің 7 "В" сынып оқушылары Бекболат Мерейім мен Есенбек Нұржас дипломмен марапатталды. 
Жетекшілері: Төлендиева Самал Төлендіқызы, Жунисбекова Гулшира Бақтиярқызы
]]>
admin Wed, 10 Apr 2024 13:06:15 +0600
Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті http://178.alschool.kz/main/4067-alatau-audanynda-respublikaly-lijas-zhansgrov-oulary-bajauyny-audandy-keze-tt.html http://178.alschool.kz/main/4067-alatau-audanynda-respublikaly-lijas-zhansgrov-oulary-bajauyny-audandy-keze-tt.html       Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың «Ілияс -эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бейсенбай Алина ІІ орын,  ал «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясы бойынша Еркінқызы Сұңғыла ІІІ орын иеленсе, «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлер номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Манатқызы Айсара І орынмен марапатталып, қалаға жолдама алды. Құттықтаймыз! 
]]>
      Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың «Ілияс -эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бейсенбай Алина ІІ орын,  ал «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясы бойынша Еркінқызы Сұңғыла ІІІ орын иеленсе, «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлер номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Манатқызы Айсара І орынмен марапатталып, қалаға жолдама алды. Құттықтаймыз! 
]]>
admin Fri, 05 Apr 2024 15:14:16 +0600
7 сынып оқушысы Айдар Айдана аудандық үздік сурет байқауының жүлдегері атанды http://178.alschool.kz/main/4060-ajdar-ajdana-audandy-zdk-suret-bajauyny-zhldeger-atandy.html http://178.alschool.kz/main/4060-ajdar-ajdana-audandy-zdk-suret-bajauyny-zhldeger-atandy.html       Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай "Табиғат – тіршілік көзі" атты Алатау аудандық "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымы оқушыларының арасында ең үздік сурет байқауы өтті. Байқауға лицейдің 7 "В" сынып оқушысы Айдар Айдана қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды! Жарайсың! 
]]>
      Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай "Табиғат – тіршілік көзі" атты Алатау аудандық "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымы оқушыларының арасында ең үздік сурет байқауы өтті. Байқауға лицейдің 7 "В" сынып оқушысы Айдар Айдана қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды! Жарайсың! 
]]>
admin Thu, 04 Apr 2024 18:38:04 +0600
"Dilmar CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде "Керей Жәнібек" фракциясы жүлделі II орынды иеленді http://178.alschool.kz/main/4038-dilmar-cup-i-alaly-pkrsajys-turnirnde-kerej-zhnbek-frakcijasy-zhldel-ii-oryndy-ielend.html http://178.alschool.kz/main/4038-dilmar-cup-i-alaly-pkrsajys-turnirnde-kerej-zhnbek-frakcijasy-zhldel-ii-oryndy-ielend.html       Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік Формат бойынша өткен "Dilmar CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құрылған "Керей Жәнібек" фракциясы жүлделі II орынды иеленді. Дарынды шәкірттеріміз 10-сынып оқушысы Иса Ботакөз бен 8-сынып оқушысы Зақанов Нұрдәулетті жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын! 
]]>
      Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік Формат бойынша өткен "Dilmar CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құрылған "Керей Жәнібек" фракциясы жүлделі II орынды иеленді. Дарынды шәкірттеріміз 10-сынып оқушысы Иса Ботакөз бен 8-сынып оқушысы Зақанов Нұрдәулетті жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын! 
]]>
admin Thu, 28 Mar 2024 19:00:20 +0600
Лицейіміздің 9-сынып оқушылары "AKZHT CUP VI" қалалық іріктеу турнирінде ll орын иегері атанды http://178.alschool.kz/main/4033-licejmzd-9-synyp-oushylary-akzht-cup-vi-alaly-rkteu-turnirnde-ll-oryn-ieger-atandy.html http://178.alschool.kz/main/4033-licejmzd-9-synyp-oushylary-akzht-cup-vi-alaly-rkteu-turnirnde-ll-oryn-ieger-atandy.html       Лицейіміздің  9-сынып оқушылары Алматы темір жол колледжінің базасында  өткен "AKZHT CUP VI" қалалық іріктеу турнирінде ll орын иегері атанды.  Лицей оқушылары сәуір айында өтетін қалалық турнирге тікелей жолдама жеңіп алды. Сондай-ақ, 9 "В" сынып оқушысы Серікұлы Жантөре "Үздік шабуылдаушы" номинациясына ие болды. Оқушыларымыз топтық кезеңде 3 ойын ойнап, 2 жеңіс, 1 тең дәрежеде ойнап, топтық кезеңнен 1-орынмен шықты. Финалда №180 мектеп командасына жол берді. Алайда команда ll орын алғанына қарамастан қалада ойнау мүмкіндігіне ие болды. 
]]>
      Лицейіміздің  9-сынып оқушылары Алматы темір жол колледжінің базасында  өткен "AKZHT CUP VI" қалалық іріктеу турнирінде ll орын иегері атанды.  Лицей оқушылары сәуір айында өтетін қалалық турнирге тікелей жолдама жеңіп алды. Сондай-ақ, 9 "В" сынып оқушысы Серікұлы Жантөре "Үздік шабуылдаушы" номинациясына ие болды. Оқушыларымыз топтық кезеңде 3 ойын ойнап, 2 жеңіс, 1 тең дәрежеде ойнап, топтық кезеңнен 1-орынмен шықты. Финалда №180 мектеп командасына жол берді. Алайда команда ll орын алғанына қарамастан қалада ойнау мүмкіндігіне ие болды. 
]]>
admin Fri, 22 Mar 2024 19:00:31 +0600
Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті http://178.alschool.kz/main/4032-astana-alasynda-matematika-men-fizika-pndernen-respublikaly-olimpiadany-zhempazdaryn-marapattau-rsm-tt.html http://178.alschool.kz/main/4032-astana-alasynda-matematika-men-fizika-pndernen-respublikaly-olimpiadany-zhempazdaryn-marapattau-rsm-tt.html       Бүгін, 21 наурыз – Ынтымақ күні Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Республика бойынша “Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” атанған 329 (математика - 169 қатысушы, физика - 160 қатысушы) оқушы арасында №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Қайса Нуриддин математика пәні бойынша ҚОЛА медаль және 8-сынып оқушысы Турлубек Ескендір физика пәні бойынша ҚОЛА медаль жеңіп алды. 
      Шын дарын білім додасында шыңдалады. Математика мен физика олимпиадасының шыңын бағындырған дарын иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!
]]>
      Бүгін, 21 наурыз – Ынтымақ күні Астана қаласында Математика мен Физика пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Республика бойынша “Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар” атанған 329 (математика - 169 қатысушы, физика - 160 қатысушы) оқушы арасында №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Қайса Нуриддин математика пәні бойынша ҚОЛА медаль және 8-сынып оқушысы Турлубек Ескендір физика пәні бойынша ҚОЛА медаль жеңіп алды. 
      Шын дарын білім додасында шыңдалады. Математика мен физика олимпиадасының шыңын бағындырған дарын иелерін жеңістерімен құттықтаймыз!
]]>
admin Thu, 21 Mar 2024 18:00:13 +0600