Ата-аналарға » Страница 3 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
16
март
2022
Оқушылардың көктемгі каникулы 19-31 наурыз аралығында өтеді.
        Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады. Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін.
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
22
февраль
2022
Лицейіміздің 6 "Б" сынып оқушылары қолөнер жұмыстарын насихаттауда.
  Қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту – әр мектептің басты әрекеті. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының дәстүрі, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйрету қажет. Осы орайда лицейде оқушыларды қолөнерге баулу, олардың шеберлігін дамыту қолға алынған. Мәселен, 6 "Б" сынып оқушылары бүгінгі көркем еңбек сабағында қолөнер жұмыстарын дәріптеп, өрмек тоқуды насихаттады.
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле  С. Мұратбековтің "Жусан иісі" повесі арқылы өз шығармашылығын шыңдауда.
22
февраль
2022
6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле С. Мұратбековтің "Жусан иісі"
   Соғыс жылдарындағы ауыл тұрмысын шығармаларына арқау еткен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің бас кейіпкері – Аян. «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерді ойдан шығаратын Аян бақытты балалық шақтың қызығын көрмей өскен. Осы кейіпкердің хикаяты жайлы лицейдің 6 "Г" сыныбының оқушысы Фархад Сауле оқып шығып, өз шығармашылығын шыңдауда.
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
22
февраль
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс
Ең құнды сыйлық бұл – қолдан жасалған туынды. Өз қолыңызбен сыйлық жасау жағымды әрі пайдалы, ол қиялды дамытады және біздің дағдылар ауқымын кеңейтеді. Сонымен қатар, сіздің сүйікті адамдарыңыз сізге өз жанының бір бөлігін және жылы қарым-қатынасты салған эксклюзивті сыйлықты сыйлық ретінде алу өте жағымды. Өзін-өзі басқару ұйымының "Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Абылай Бейбарыс алда келе жатқан 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай қолдан анасына мерекелік сыйлық дайындау үстінде.
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай қорғауға болады"
18
февраль
2022
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай
🎯ЖАДЫНАМА: "Кибербуллинг - балаңызды интернеттегі шабуылдан қалай қорғауға болады" (ата-аналарға арналған)
Оқушылар Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке  тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып қайтты.
16
февраль
2022
Оқушылар Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке тағзым
   Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. №178 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен 9 "И" сынып оқушылары Ауған ардагерлеріне арналып қойылған ескерткішке тағзым жасап, гүл шоқтарын қойып қайтты.
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық тағамдар мәзірі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
16
февраль
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық
   15 ақпан күні №178 мамандандырылған лицейде "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында 7-сыныптар арасында "Ұлттық тағамдар мәзірі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: қазақтың дастарқаны туралы толық мәлімет алу, салыстыру, қазақтың ұлттық тағамдарының түрлерімен танысып білу.
«Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізілді.
16
февраль
2022
«Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізілді.
   №178 мамандандырылған лицейдің психологі Ж.А.Агажанова 11-сынып оқушыларымен «Сенім-менің серігім» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг негізінде оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, стресстік қалыптан арылту мақсатында "Өрмекші торы", "Құнды қасиеттер" және "Суретті жалғастыр" жаттығулары жүргізілді.