2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 7-СЫНЫБЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Құрметті 6 сынып оқушылары мен ата-аналары! Сіздерді 7 сыныптан бастап, республикамыздағы үздік оқу орындарының бірі, дарынды балаларға арналған №178 мамандандырылған лицейде білім алуға шақырамыз! Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі. 7-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша тест (75 сұрақ) тапсырады: Математика және логика - 55 сұрақ; Оқу сауаттылығы - 10 сұрақ; Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.