«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
13
октябрь
2018

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

2018 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласы Алатау ауданы «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған республикалық конференция өтті.


Конференцияға мектеп педагогтары мен ата-аналар қатысты. Конференцияда ата-аналарды лицей басшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатымен таныстырды. Сонымен қатар лицей әкімшілігі мен психолог Асилова Ш.С. 8-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының оқу үрдісінде кездесетін аса маңызды мәселелерге тоқталды:
1.Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.
2.Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.
3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
4.Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
5.Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
6.Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
7.Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
8.Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар мен айтылды.
Ата-аналарға үлестірме материалдар таратылды. 8-9 сынып ата-аналары 15 сұрақтан құрастырылған сауалнамаларға өз жауаптарын қалдырды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: