Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

Автор: admin от 13-10-2018, 04:32, посмотрело: 26

0 2018 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласы Алатау ауданы «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған республикалық конференция өтті.
«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»
«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

Конференцияға мектеп педагогтары мен ата-аналар қатысты. Конференцияда ата-аналарды лицей басшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатымен таныстырды. Сонымен қатар лицей әкімшілігі мен психолог Асилова Ш.С. 8-9 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының оқу үрдісінде кездесетін аса маңызды мәселелерге тоқталды:
1. Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез-құлқындағы олардың көріністері.
2. Жасөспіріммен қалай жақсы байланыс орнатуға болады: сауатты тәрбиенің 12 ережесі.
3. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар.
4. Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу.
5. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
6. Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
7. Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.
8. Ата-ананың өзін-өзі талдауы: ЖАҚСЫ АТА-АНАНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРІ МЕНІҢ БОЙЫМДА БАР, ҚАНДАЙ ҚАСИЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ҚАЖЕТ?

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар мен айтылды.
Ата-аналарға үлестірме материалдар таратылды. 8-9 сынып ата-аналары 15 сұрақтан құрастырылған сауалнамаларға өз жауаптарын қалдырды.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

"Адал ұстаз" атты байқауына «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі қатысты

Автор: admin от 10-10-2018, 21:29, посмотрело: 32

0 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы.

Алдындағы шәкіртке білім беріп қана қоймай, бар білгенін бойына сіңіріп, болашаққа бағыт-бағдар сілтейтін бұл жолдағы жандар ғажап-ақ.
"Адал ұстаз" атты байқауына «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі қатысты

Сондай ұстаздардың бірі де бірегейі, лицейіміздің мақтанышы Шынасыл Ғалымжан Жораұлы деп білеміз. 2018 жылдың 10 қазан күні педагог қызметкерлердің "Адал ұстаз" атты байқауына «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі қатысып, ерекше білгірлігімен көзге түскен ұстаз жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қыр-сыры мол, қиын да жауапты жолда Ғалымжан Жораұлына шығармашылық табыстар тілейміз!

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.

Автор: admin от 10-10-2018, 07:59, посмотрело: 31

0 2018 жылдың 10 қазан күні №1 Оқушылар үйінде Алатау ауданының
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.

Ұланбасылыққа аудан мектептерінің Ұланбасылары қатысты. Үміткерлер өздерінің дайындаған «Егер мен ауданның Ұланбасы болсам...» тақырыбындағы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлауға әр мектептің Бөлімбасылары мен әділ қазылар қатысты.
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.
«Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы сайланды.

Ұланбасын сайлаудағы мақсат өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылды. Оның ішінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту міндеттелді. Үміткерлер өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылы жасайтын жұмыс жоспарын көрсетті.
Сайлау қорытындысы бойынша үміткерлердің ішінен ең көп дауыс жинаған, «№178 лицей» оқушысы – Нұғман Нұрғали ұланбасы атанып, барлық жиналғандардың алдында ант қабылдады. Салтанатты жиында 2017-2018 оқу жылында сайланған Ұланбасы «Жас Ұлан» төсбелгісін тағып, Нұрғалиға өзінің көшбасшылық қасиетін ұштай отырып, алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болуға тілектестігін білдірді.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 
 

ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Автор: admin от 8-10-2018, 07:49, посмотрело: 25

0 №178 лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерінің жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиналыс өтті.

Жолдау жайында тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Шынасыл таныстырды. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауында бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде айлықтың өсуіне, халықтың табысына маңыз берілді. Біз ең төменгі жалақының бір жарым есеге артатынын нақты біліп отырмыз. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған. Және Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсетіндігін айтты. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істер екендігін айтып өтті.

ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ

Лицей директоры К.Х.Шадиев жыл сайын жарық көретін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына Жолдауын асыға күтеміз. Себебі әрбір жолдау Қазақстанның қарқынды дамуы үшін әсері зор. Биылғы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылған. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім стандартын енгізу – тарихи қадам» екенін және оқушыларды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту басты мақсат екенін атап өтті. Сонымен қатар Президенттің жолдауындағы «Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын» деген сөзіне ерекше тоқталды

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

Автор: admin от 8-10-2018, 07:45, посмотрело: 21

0 «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

Алматы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №5-11-5/3391-и хаты негізінде «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 қыркүйек пен 06 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық материалдық ынталандыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өтті.
«Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акция аясында 6 «Е» сыныбы пән мұғалімдерімен ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, құттықтады.
«Ұстазға тағзым» тақырыбында лицейіміздің ардагер ұстаздары А.Танцарова мен Ж.Тлекқабылова апайлармен кездесу кеші өтті. Кеште оқушылар ұстаздарды құттықтап, кеш концертпен ұласты.
«Ұстаз-ана» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті.
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

06 қазан күні лицейіміздің тірегі – ұлт болашағының мәңгі мызғымастай іргетасын мықтап қалап беруші, қадірлі ұстаздарға арналған «Ұстаз деген ұлағатқа бас идік...» атты «Оскар» стилінде салтанатты кеш өтті. Айтулы күннің керемет көріністері сахна төрінде ерекше зерделеніп, көпшіліктің көңіл-күйін бір көтеріп тастады. Оқушылар ұстаздарға деген алғыстарын «Оскар» мүсінін сыйға тартып, ұстаз мәртебесін жоғары бағалады. Лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович Білім атты теңізден шәкірттерінің кедергісіз жүзіп өтуіне себеп болған ұлағатты ұстаздарға жүрекжарды тілегін арнап, ұстаздарды марапаттады.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні

Автор: admin от 7-10-2018, 20:44, посмотрело: 19

0 1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күніне орай «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шара мақсаты: Көпті көрген дана қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата – баба аманатына адал, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
     1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні
     1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні
     1 қазан - Дүниежүзілік қарттар күні

Концертте оқушылар өнерлерін ортаға салып, қарттарды құттықтады. Ән көңілдің ажары деп, әр ұстазымыздың көркіне ажар ұялатқан бұл концертке қонақтар дән риза болды.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу

Автор: admin от 3-10-2018, 07:44, посмотрело: 43

0 Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу
2018 жылдың 03 қазан күні Алатау аудандық прокуратурасының аға прокуроры Кенжегулов Мират Қайратұлы мен бөлім прокуроры Тапаев Қанат Кемелбайұлы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты: оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері оқушыларға құқықтық тәрбие, заң нормаларын білу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы айта отырып, заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды. Заң қызметкерлері мен оқушылар арасында жағымды байланыс болды.
Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу

Прокуратура қызметкерлері жастар арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу төңірегінде әңгіме өрбітті. Лицей оқушылары прокурормен ашық сұқбаттасып, сұрақтарын қойды.
Ғаламтордың жетегіне ерген жастарға кітап оқып, жеке тұлға ретінде қалыптасу қажеттігін жеткізген аға прокурор жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Автор: admin от 3-10-2018, 07:41, посмотрело: 23

0 2018 жылдың 26 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, Ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқау өтті.
Байқауға «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Ғ» сынып оқушысы Бердашев Абылай қатысып, нәтижесінде жүлделі ІІ орын иеленді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Жеңімпаздарды марапаттау Алатау дәстүрлі театрында 02 қазан күні өтті Жеңімпаз оқушыға қаржылай жүлде 1 000 000 теңге берілді. Жүлдегер атанған ұстазы Оспанбекова Айжан Кадирбаевнаға Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) 2 айлық ағылшын тілі кур¬сынан өтуге жолдама берілді.
Лицей ұжымы жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтайды. Қанжығасы майланып, өз білімін көрсеткен Абылайға, ұстазы Айжан Кадирбаевнаға шығармашылық шабыт тілейміз!

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы

Автор: admin от 28-09-2018, 01:07, посмотрело: 41

0 "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
Елбасының бастамасымен жыл сайын республика көлемінде өткізілетін "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 27 қыркүйек күні «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті.
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық шараның негізгі мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық және басқа да көмек көрсету.
Концертте жас өнерпаздар күй тартып, өлен айтып, би билеп көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.
Қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келген әрбір жанға алғыс айтып, еліміздің өзге де патриот азаматтарын осындай игі іс-шараларға белсенді ат салысуға шақырамыз.

Категория: Информация, Администрация школы, Педагогический состав, Родителям, Школьникам

 
Назад Вперед