"ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ" қамқорлық акциясы
Қайырымдылық - адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осы орайда, Наурызнама онкүндігіне сай Алматы қаласы, Алатау ауданы, №178 мамандандырылған лицейдің 8 ”И” сынып оқушылары "Жақсылық жасап жарысайық" қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Іс-шара барысында лицей оқушылары өзара көмек пен қайырымдылықтың мерекесінде Наурыз мейрамымен де құттықтады.