Оқушылар жетістіктері » Страница 8 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай футболдан 9-сыныптың ұлдары арасында лицейішілік біріншілігі өтті
18
октябрь
2023
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай футболдан 9-сыныптың
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының онкүндігіне орай футболдан 9-сыныптың ұлдары арасында лицейішілік біріншілік өтті. Жарыс қызықты әрі тартысты болды. Нәтижесінде: 1-орынды 9 "В" сыныбы; 2-орынды 9 "А" сыныбы; 3-орынды 9 "Ғ" сыныбы жеңіп алды.       Сонымен қатар, ойында белсенділік танытқан Амангелді Нұрасыл "Үздік ойыншы'', Даржибай Нұртілеу "Үздік жартылай қорғаушы", Дәуренұлы Әділнұр "Үздік шабуылшы", Ерғалиұлы Қазбек "Үздік қақпашы" атанды.
«Менің кіші Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі
16
октябрь
2023
«Менің кіші Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсының
  Бүгін, 2023 жылдың 16 қазанында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті. N178 мамандандырылған лицейдің 10 сынып оқушысы Байжұма Айзере - «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша қатысып 1-орынға ие болды. Дарынды оқушымыздың жеткен жетістіктігімен құттықтай отырып, алдағы қорытынды кезеңде сәттілік тілейміз!
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырылды.
12
октябрь
2023
«Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында
     Оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарын артыру мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында физика пәнінің мұғалімі Н.Әкбар 8-сыныптар арасында «Физиканы оқып түсіну – әлем құпиясының сырларын түсіну» тақырыбында QUIZ ойын ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар танымдық ойы мен зияткерлігін логикалық тұрғыда таныта білді.
"Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша Қуанышқызы Елдана Бас жүлде иеленіп, топ жарды
09
октябрь
2023
"Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы
     Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған "Жас дарын" республикалық байқауында аспапта ойнау номинациясы бойынша Қуанышқызы Елдана Бас жүлде иеленіп, ұялы телефон ұтып алды.
«Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында Есболат Еңлік I орынды иеленді.
29
сентябрь
2023
«Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында Есболат Еңлік I
     Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Алматы – әсем қала» тақырыбындағы Эссе байқауында №178 мамандандырылған лицейдің 8 «А» сынып оқушысы Есболат Еңлік I орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова С.У.
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей ұжымына алғыс білдірді
28
сентябрь
2023
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі лицей
2023 жылғы 28 қыркүйекте «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1-қазан Қарттар күніне арналған «Қариясын қадірлеген елде  қасиет бар!» атты мерекелік іс-шарада лицей оқушылары қарияларымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, баталарын алып қайтты. Сонымен қатар, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әкімшілігі де өз ризашылығын білдіріп, лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы мен лицей әкімшілігіне алғыс хаттарын табыстады. 
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған оқушылардың алғашқы жеңісі!
25
сентябрь
2023
✨Ағымдағы оқу жылында лицейге конкурс негізінде қабылданған
     ♟️ Қалалық шахмат турнирінде 14 жаска дейінгі жасөспірімдер арасында ағымдағы оқу жылында лицейге қабылданған 7 «Г» сынып оқушысы Нұрбақыт Ерсұлтан I орын, 4 разрядқа дейінгі оқушылар арасында 7 «Г» сынып оқушысы Қуаныш Мейірлан I орынды жеңіп алды. 🏆 Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын!
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды.
25
сентябрь
2023
10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс
     Алматы қаласы бойынша Оқушылар сарайында 30 команда арасында "Shapagat Cup I" қалалық пікірсайыс турнирінде №178 мамандандырылған лицейдің 10 "Е" сынып оқушысы Иса Ботакөз 1-орын иеленіп, жеңімпаз атанды.         Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатқызы
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік сайыс өтті.
13
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Тіл тағдыры - ел тағдыры” атты зияткерлік
Тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатбаева Р.С.  «Тіл тағдыры - ел тағдыры»  атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс командылық топта 8 "Б", 8 "Д", 8 "Ғ", 8 "З" сыныптары арасында өтілді.  Сайыста  оқушылардың білімділіктері, дүниетанымдары, жан-жақты ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдысы, тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін-бірі тыңдап, бағалайтындары да байқалды. Жеңімпаз топ анықталып,   лицей директорының мақтау қағазы
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.
12
сентябрь
2023
Тілдер мерекесіне орай “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы
✅ Қыркүйек айының 12-күні “Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл” атты тілдер мерекесі аясында 8-сыныптар арасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Айтбагамбетова С. Д. ұйымдастыруымен “Brain ring” атты интеллектуалды жарысы өткізілді.  📗Бәйгеге түскен 8-сынып оқушыларынан құралған топ мүшелері 7 деңгейлі тапсырмаларды орындап,  ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.💐 ⭐І орын - 8”Б” сыныбы, ⭐ІІ орын - 8”Ә” сыныбы, ⭐ІІІ орын - 8”Г” сыныбы иеленді.