Оқушылар жетістіктері » Страница 6 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алаш жастары” дебат клубының жетекшісі  Рапилова Эльмира Жанатқызы мен лицей дебатшылары марапатталды
20
декабрь
2023
"Алаш жастары” дебат клубының жетекшісі Рапилова Эльмира Жанатқызы
  Алматы қаласы мектеп оқушыларының пікірсайыс қозғалысының дамуына қосқан үлестері үшін №178 мамандандырылған лицейдің "Алаш жастары” дебат клубының жетекшісі Рапилова Эльмира Жанатқызы және 11-сынып оқушысы Окан Асыл мен 10-сынып оқушысы Иса Ботагоз Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.
9 «Б» сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет «Инновациялық жоба» чемпионатыны4 II орын жүлдегері атанды
04
декабрь
2023
9 «Б» сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет «Инновациялық жоба»
     Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында   №119 мектеп-лицей КММ-нін бірлесуімен «Инновациялық жоба» чемпионаты 3-желтоқсан күні  өткізілді.       Инновациялық бағытында «Астрофизикада Гаусс пушкасын қолдану» тақырыбындағы жобаны №178 мамандырылған лицейдің 9 «Б» сынып оқушысы Оразхан Бақдәулет  қорғап, 40 қатысушы арасынан II орынды иеленді. Жеңістерін көп, жолың ашық  болсын демекпіз.
8-сынып оқушысы Қастай Медет бокстан жүлделі III орын иеленді
02
декабрь
2023
8-сынып оқушысы Қастай Медет бокстан жүлделі III орын иеленді
     "Бекзат" бокс клубының жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде 37 келі салмақ дәрежесінде III орын алғаны үшін №178 мамандандырылған лицейдің 8-сынып оқушысы Қастай Медет марапатталды.  
Лицей оқушылары XVІ Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
24
ноябрь
2023
Лицей оқушылары XVІ Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанды
     XVІ Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті базасында өтті. Олимпиада 21 қараша басталып, 24 қарашаға дейін жалғасты      Үшінші (республикалық) кезеңге 199 оқушы қатысты.      Олимпиаданың мақсаты – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.      Қазылар алқасының құрамы
2023-24 оқу жылында іріктеу нәтижесінде қабылданған 7 "Ғ" сынып оқушысы Манарбек Аңсар Алматы қаласы кубогының иегері атанды  сынып оқушысы
21
ноябрь
2023
2023-24 оқу жылында іріктеу нәтижесінде қабылданған 7 "Ғ" сынып
     "Дивизион В" санаты бойынша "ФК Қайрат" командасының  ойыншысы №178 мамандандырылған лицейдің 7 "Ғ" сынып оқушысы Манарбек Аңсар 1-орынды иеленіп, Алматы қаласы кубогының иегері атанды. ЖАРАЙСЫҢ, АҢСАР!
Қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті
13
ноябрь
2023
Қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті
      11.11.2023 күні Алматы қаласы Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейде 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында волейболдан қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа Алатау ауданының қыздар құрама командасы  қатысты. Аудандық іріктеу кезінде құрама командаға  №178 мамандандырылған лицейден  9 «Ж» сынып оқушысы Абдиади Адия мен 10 «А» сынып оқушысы Нуркаир Балжан  алынған болатын. Жаттықтырушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Утешова Мира Кауынтаевна. Жарыс өте қызықты, тартысты  және жоғары дәрежеде
«INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі
11
ноябрь
2023
«INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты
     2023 жылғы 7-11 қараша күндері Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтті.      Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен аталған көрмеге №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысып әлемдік аренада жеңіс тұғырынан көрініп алтын медаль иегері атанды. Ғылыми жетекшілері: Жұмабай Ф.М., Бақытжан Н.    
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары атанды
10
ноябрь
2023
11-сынып оқушылары жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ
     Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары - №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Мырзабекова Марал мен Токаева Айгерим салтанатты түрде І дәрежелі дипломмен марапатталды.      Жалынды да талантты оқушыларымыздың жеткен жетістіктері құтты болсын! Алдағы республикалық кезеңде оларға тек қана сәттілік тілейміз!
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді
10
ноябрь
2023
7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы
     №178 мамандандырылған лицейде "ЖасStar" өзін-өзі басқару парламент ұйымының ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар арасында «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауы өткізілді. Нәтижесінде: 1-орынды Кайрхан Нұржан, 7 "Б" сынып оқушысы; 2-орынды Қуаныш Мейірлан, 7 "Г" сынып оқушысы; 3-орын Ихсан Шерухан, 8 "Д" сынып оқушысы жеңіп алды.     «Рубик, кубик» текшесін жинақтау байқауын ұйымдастырғаны үшін 8 "Д" сынып оқушысы Мырзахмет Ақжарқын лицей директорының алғыс хатымен марапатталды. 
"Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді.
03
ноябрь
2023
"Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны
Туристік-өлкетану қызметін жандандыра отырып, балалар мен жасөспірімдердің патриоттық және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасы "Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді. Қалалық деңгейде өткен бұл туристік марафоннан лицей оқушылары да қалыс қалған жоқ. Сондай-ақ, лицей шәкірттері қатарына ағымдағы жылы ғана қосылса да, үздіктер қатарынан көрінген 7-сынып оқушылары