Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ҒАЛЫМ!
07
март
2024
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ҒАЛЫМ!
      2024жылғы 5-6 наурыз күндері өткізілген Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІV Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз Бақытұлы Талғат пен Қазиұлы Құрманбектің зерттеу жұмысы топ жарып, халықаралық деңгейде КҮМІС МЕДАЛЬ жеңіп алды.  Ғылыми жетекшілері: Сағиолданов Талант, Мухтарова Салима.
“Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауында Фархад Сауле II орын иеленді
06
март
2024
“Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауында Фархад Сауле II орын
      Сәбит Баймолдиннің шығармаларына арналған “Сәбит Баймолдин оқулары” аудандық байқауының “Жырларымен жылу шашқан жүрекке” бағыты бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 8 “Г” сынып оқушысы Фархад Сауле II орын иеленді.  Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аметова Сауле.
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар командасы жеңімпаз атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының қыздар
      06.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының қыздар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті.  Жарысқа аудан мектептерінен іріктелген, үздік спортшылар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша, лицейіміздің қыздар командасы 1-орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жаттықтырушысы: Утешова М.К. Жеңістеріңіз құтты болсын! Қалалық кезеңге сәттілік пен жеңіс тілейміз! 
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар командасы жүлдегер атанды
06
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандбол жарысында 9-11 сынып оқушыларының ұлдар
      06.03.24 күні №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарыста аудан бойынша үздік деп танылған спртшылар өзара бақ сынасты. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Нәтижесінде: №178 мамандандырылған лицейдің  ұлдар командасы жүлделі 2-орынды қанжығаларына байлады. Жаттықтырушысы: Әнәпьяев Е.М. Жеңістеріңіз құтты болсын! 
Лицейіміздің 8-сынып оқушысы Халықаралық турнир жеңімпазы
04
март
2024
Лицейіміздің 8-сынып оқушысы Халықаралық турнир жеңімпазы
      "Арена Бокс" клубының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық турнирде 1-орын алғаны үшін 8 "А" сынып оқушысы Серік Ельдар дипломмен марапатталды.
Асқар Пейілнұл "АSTANA ART FEST" байқауының жеңімпазы
04
март
2024
Асқар Пейілнұл "АSTANA ART FEST" байқауының жеңімпазы
      Халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық, көпжанрлы "АSTANA ART FEST" байқауында "Аспапта ойнау-Домбыра" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ГРАН ПРИ! алғаны үшін 9 "Е" сынып оқушысы Асқар Пейілнұл марапатталды.
Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз  республикалық ғылыми жобалар конкурсының  жеңімпазы атанды
04
март
2024
Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз
      2024 жылғы 26 ақпан - 1 наурыз аралығында Тараз қаласында Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз:  - Еламан Арсен мен Бақытбек Ақбота «Рентгенфлуоресцентті әдістің негізінде заттардың құрамын анықтау» тақырыбындағы авторлық зерттеу жұмысы ерекше бағаланып, ІІІ дәрежелі диплом, ҚОЛА МЕДАЛЬ жеңіп алды. Ғылыми жетекшілері: Шадиев Кайратбек Хамзаханович және Турсын
«Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті
04
март
2024
«Ұшқыр доп» атты гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар
      04.03.24 күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Мектеп лигасы» аясында «Ұшқыр доп» атты  гандболдан 9-11 сынып оқушыларының ұлдар, қыздар арасында аймақтық іріктеу жарысы өтті.  Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ұйымшылдыққа, достастыққа, спортпен шұғылдануға баулу. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.        Жарыстың нәтижесінде лицейіміздің ұлдар мен қыздар командасы 1-орынды иеленді. Жаттықтырушылары: дене шынықтыру пәнінің
"Turan Robo-Start" интеллектуалды робототехника конкурсында лицей шәкірттері жүлдегер атанды
27
февраль
2024
"Turan Robo-Start" интеллектуалды робототехника конкурсында лицей
      «Тұран» университеті ұйымдастырған Алматы қаласының колледждерімен 9-11 сынып дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында өткізілген "Turan Robo-Start" интеллектуалды робототехника конкурсынан 8-сынып оқушылары Абылай Бейбарыс ІІ дәрежелі дипломмен, Сұлтан Рашид ІІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.  Ғылыми жетекшісі: Мырзабаева Акнур Сапаралиевна. Жеңіс құтты болсын!
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды
26
февраль
2024
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының
     Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда.       Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер