"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тренинг өтті
2020 жылдың 10 қараша күні №178 лицейде әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен, "Адал ұрпақ" еріктілер лицей клубының жетекшісі А.Хамза 5-9 сынып оқушыларына "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу.