Жетістіктеріміз » Страница 3 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап Әлібек 2-орын иеленді
25
январь
2024
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап
     Алматы қаласы Білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткен "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ" қалалық байқауында 2-орын иеленгені үшін 9 "Ж" сынып оқушысы Әбдіманап Әлібек дипломмен марапатталды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 2-орынды иеленді
25
январь
2024
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары
     №204 ЖББ мектепте «Ұлттық мектеп лигасы» аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген  тоғызқұмалақшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар талас-тартысқа толы ұлттық ойынның  үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша, 2-орынды №178 мамандандырылған лицейдің  оқушылары иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті
24
январь
2024
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары
     №201 мектеп-гимназиясында "Ұлттық мектеп лигасы" аясында тоғызқұмалақтан 7-8 сынып оқушылары арасында  аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген тоғызқұмалақшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар жақсы ойын көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары 1-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Лицей шәкірттері асық ату жарысында үздіктер қатарында...
22
январь
2024
Лицей шәкірттері асық ату жарысында үздіктер қатарында...
     №179 ЖББ мектепте "Ұлттық мектеп лигасы" аясында асық атудан 7-8 сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген асық атушылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында мергендер асық атып, 2-орынды №178 мамандандырылған лицей оқушылары иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!  
9 "Е" сынып оқушысы Асқар Пейілнұр  "Абай әлемі" байқауының жүлдегері
19
январь
2024
9 "Е" сынып оқушысы Асқар Пейілнұр "Абай әлемі" байқауының жүлдегері
     Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық "Абай әлемі" байқауы өтті. Байқауда "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты шығармашылық бағыты бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 9 "Е" сынып оқушысы Асқар Пейілнұр 2-орынмен марапатталды. Жетекшісі: Кенжебаева Мая Қыпшаққызы
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" байқауында  9 "Ж" сынып оқушысы Абдиманап Әлібек Бас жүлде иеленді
18
январь
2024
"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" байқауында 9 "Ж" сынып оқушысы Абдиманап Әлібек
     Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен  9-11 сынып оқушылары арасында өткен "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2024" байқауында Бас жүлде алғаны үшін 9 "Ж" сынып оқушысы Абдиманат Әлібек мадақтамамен марапатталды.  
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысында лицей командасы 1-орынды қанжығалады
17
январь
2024
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында
     17.01.23 күні Алматы қаласы Алатау ауданы № 91 ЖББМ-те «Ұлттық мектеп лигасы» аясында 9-11 сынып оқушыларының арасында шахматтан аудандық іріктеу жарысы өтті. Турнирге аудан мектептерінен іріктелген ең мықты деген алпысқа жуық шахматшылар қатысты. Таланттарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған жарыста оқушылар өзара бақ сынасты. Жарыс қызықты, әрі тартысты өтті.       Шахмат — ақыл ой мен қырағылықты қатар қажет ететін интеллектуалды ойын. Шахмат — логикалық ой-өрісті дамытатын, әлемдегі
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында шахматтан 7-8 сыныптар арасында аудандық іріктеу жарысында лицей шахмат командасы жеңімпаз атанды
16
январь
2024
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында шахматтан 7-8 сыныптар арасында
     16.01.23 күні №178 мамандандырылған лицейде «Ұлттық мектеп лигасы» аясында шахматтан 7-8 сыныптар арасында аудандық іріктеу жарысы өтті.      Жарысқа ауданның ең мықты деген шахматшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей алатын оқушыларымыз қатарластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыстың нәтижесі бойынша, 1-орынды  №178 мамандандырылған лицей иеленді. Оқушыларымызды
"Елбасы медалі"  бағдарламасының әр кезеңдерінен сүрінбей өткен 11 "Ғ" сынып оқушысы 🏅қола медаль алып, арнайы сертификатпен  марапатталды.
12
январь
2024
"Елбасы медалі" бағдарламасының әр кезеңдерінен сүрінбей өткен 11
     "Елбасы медалі" бағдарламасының әр кезеңдерінен сүрінбей өткен 11 "Ғ" сынып оқушысы қола медаль алып, арнайы сертификатпен марапатталды.
11 "Ә" сынып оқушылары "Елбасы медалі" иегері атанды
12
январь
2024
11 "Ә" сынып оқушылары "Елбасы медалі" иегері атанды
     Жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі "Елбасы медалі"  бағдарламасының әр кезеңдерінен сүрінбей өткен 11 "Ә" сынып оқушылары: Қалмұрзаев Нұрдаулет, Қадыр Дариға, Серік Айым 12 айлық тапсырмаларды орындап, күміс медаль, ал Алиайдар Әбілмансұр қола медаль алып, арнайы дипломдармен марапатталды. Құтты болсын!