Жетістіктеріміз » Страница 2 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының жүлдегері атанды
26
февраль
2024
ZOK juniors командасы Орталық Азиядағы робототехника чемпионатының
     Астанада робототехника бойынша Орталық Азиядағы ең ірі чемпионат аяқталды. Оған әлемнің 5 елінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Олар Қазақстанда және шетелдерде өткен іріктеу чемпионаттарында үздік шығып, квота алған 200-ден астам команда.       Чемпионат дүниежүзілік FIRST бағдарламасы аясында үш жас санатында өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Чемпионатқа роботтар ойынынан басқа инновациялық жобалар байқауы мен төрешілер
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
26
февраль
2024
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
      Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған "Almaty CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде N178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "Тәуелсіздік үшін" фракциясы жүлделі I орынды иеленіп, әкім кубогін алды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі А.Б.Құрмансейтов Респуликалық турнир жүлдегер атанды
26
февраль
2024
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі
      Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан өткен республикалық турнир өтті. Турнирге лицейіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлы қатысып, 50-59 жас аралығында "Винтовка ату" спорт түрі бойынша III орынды иеленді. Құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» РҒПО ұйымдастырған «ПЕДСТАРТ» республикалық қашықтық олимпимпиадасы өтті
22
февраль
2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» РҒПО
      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған математика, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен «ПЕДСТАРТ» республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға №178 мамандандырылған лицейдің 15 математика, 6 қазақ тілі мен әдебиеті, 4 орыс тілі мен әдебиеті, 10 ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері қатысты. Барлығы: 10 мұғалім 1-орын, 14 мұғалім 2-орын, 11 мұғалім 3-орынды иеленді.
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
16
февраль
2024
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
      Алматы қаласы Бостандық ауданы "Туран" университетінің колледжінде волейболдан 9-сынып оқушыларының қыздар арасында қалалық турнир өткізілді.        Турнирге жалпы 12 команда қатысты. Турнир барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар жеңіс кубогын сарапқа салды. Турнирге қатысушылар бақтарын сынап, керемет өнер көрсетті. Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті. Нәтижесінде турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.       
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
15
февраль
2024
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде "Ұлттық мектеп лигасы" аясында шахматтан 7-8 сынып оқушылары арасында  қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа әр ауданнан  ең мықты шахматшылар қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар жақсы ойын көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! #ұлттықмектеплигасы  #шахмат #chess
«Ақбозат» атты шахмат жарысында лицей шахмат құрамасы жүлдегер атанды
15
февраль
2024
«Ақбозат» атты шахмат жарысында лицей шахмат құрамасы жүлдегер атанды
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Самай» Алматы математика-лингвистикалық мектебінде «Ұлттық мектеп» лигасының «Ақбозат» атты шахматтан 9-11 сынып оқушыларының арасында қалалық іріктеу жарысы өтті. Шахматшылар жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс өте қызықты, тартысты өтті.  Жарысқа қатысып, бақ сынап, жеңімпаз болған спортшыларды жеңістерімен құттықтап, мақтау қағаздарымен, кубоктармен марапаттады. Нәтижесінде, №178 мамандандырылған лицей командасы
"Жырлайды жүрек" атты аудан мектептерінің мұғалімдері арасындағы мәнерлеп оқу байқауы
09
февраль
2024
"Жырлайды жүрек" атты аудан мектептерінің мұғалімдері арасындағы
     Алматы қаласы Алатау ауданы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" атты аудан мектептерінің мұғалімдері арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен мәнерлеп оқу байқауына қатысып, "Есіңе мені алғайсың" атты ақын өлеңіне жазылған әндер номинациясы бойынша №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Әділбеков Ермұрат  II орын иеленді.  Кітапханашы: Жунисбекова Г.Б.
"ZOK juniors" командасы "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" атты Vl халықаралық цифрлық форумға қатысты
03
февраль
2024
"ZOK juniors" командасы "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы"
     2024 жылдың 1-3 ақпан күндері аралығында өткен "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" атты Vl халықаралық цифрлық форумында №178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "ZOK juniors" командасы робототехника саласында өз өнерлерін көрсетіп, 2-орын мен 150.000 теңге жүлдегері атанды. 
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды
29
январь
2024
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы
     "IQ STAR 2024" VIII Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауында "Вокал" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды.