Ата-аналарға » Страница 56 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
04
январь
2019
Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының" және Қазақстандағы робототехниканың Еуропалық апталық аясында Almaty Roboman - 2018/2019 робототехника турнирі болып өтті. Нәтижесінде №178 лицей оқушылары шығармашылық конкурстан жоғары топ арасында Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев Жанарыс, төменгі топтан Хамзахан Айтөре І орын иеленді. 3Д моделдеу және 3Д баспадан Курбаналиев Омар, Рейнбаев Қажымұқан, Мейманқожаев
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
28
декабрь
2018
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
2018 жылдың 26 желтоқсан күні 9,10,11 сыныптардың "Жаңа жыл - 2019" атты мерекелік кеш өтті.Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты. 
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
27
декабрь
2018
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
Алматы қаласы әкімі Б.Қ.Байбек мырза әлеуметтік жағдайлары төмен отбасының балаларына арнайы жаңа жылдық мереке сыйлады. Мерекеге №178 лицейден 6 оқушы қатысты. Сонымен қатар Алатау ауданының әкімі Шахмерден Сыртбайұлы әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасының балаларына ерекше Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Алматы қаласы қуыршақ театрына саяхатқа барды. Қойылымды лицейімізден 7 оқушы барып тамашалады. Оқушылар керемет сыйлықтарға ие болды. Балаларымыз қуанышты болып қайтты.
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары
11
декабрь
2018
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда
Алатау ауданы №178 лицейде 2018 жылдың 11 желтоқсан күні "Тәуелсіздік -ел тірегі", "Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды еліміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
10
декабрь
2018
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында өткен «Алатаудың өнерлі жұбы» атты 3 кезеңнен тұратын сайысқа №178 лицейдің 10 "Д" сынып оқушылары Болат Керім мен  Қабдығалиева Нұрым қатысып, ІІІ орын иеленді.
Информатикадан   Х  Еуразиялық олимпиадасы өтті.
09
декабрь
2018
Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасына №178 лицей оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын және сертификаттармен  Манашов Али, Тастанбек Диана, Сражов Абдусаттар марапатталды. 
Телімдік психиатр-наркологпен кездесу
07
декабрь
2018
Телімдік психиатр-наркологпен кездесу
Бүкіл дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған айлық барысында 178 лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқушылардың арасында «Нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбына дәріс оқылды. Есірткі заттары мен насыбайдың зияны туралы бейнефильмдер көрсетілді. Дәріс өткізген телімдік психиатр-нарколог Кенесбекова Сания Кенесбековна.
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
29
ноябрь
2018
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай №178 лицейде Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен акция өткізілді. Акция - оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында өтті.