Біз туралы » Страница 3 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті
05
апрель
2024
Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының
      Алатау ауданында Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың «Ілияс -эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бейсенбай Алина ІІ орын,  ал «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясы бойынша Еркінқызы Сұңғыла ІІІ орын иеленсе, «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлер номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Манатқызы Айсара І орынмен марапатталып, қалаға жолдама алды. Құттықтаймыз! 
7 сынып оқушысы Айдар Айдана аудандық үздік сурет байқауының жүлдегері атанды
04
апрель
2024
7 сынып оқушысы Айдар Айдана аудандық үздік сурет байқауының
      Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай "Табиғат – тіршілік көзі" атты Алатау аудандық "Жас Ұлан, Жас Қыран" ББЖ ұйымы оқушыларының арасында ең үздік сурет байқауы өтті. Байқауға лицейдің 7 "В" сынып оқушысы Айдар Айдана қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды! Жарайсың! 
11-сыныпты мерзімінен бұрын бітіруші оқушылар қорытынды аттестаттау емтихан тапсырды
03
апрель
2024
11-сыныпты мерзімінен бұрын бітіруші оқушылар қорытынды аттестаттау
      Алматы қаласы Білім басқармасының “№178 мамандандырылған лицей” КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 3-тарау, 58 тармақшасына сәйкес 11 сынып бітіруші оқушылар мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттау, 2024 жыл 1 сәуірде Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан тапсырды. 
Ынтымақтастық келісім жасаған қаламыздағы университеттердің бірі бүгін лицейімізге арнайы келді
03
апрель
2024
Ынтымақтастық келісім жасаған қаламыздағы университеттердің бірі
      IT және ақпараттық технология мамандарын тереңдете дайындайтын қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің кәсіби бағдар беру бойынша мамандары бүгін лицейімізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы келген мамандар университет тынысы мен халықаралық және академиялық ұтқырлық жайында, ішкі және мемлекеттік гранттар жайында, практикалық орталықтары мен сенімді серіктестері
“МЕНІҢ БАУЫРЫМ” еріктілер жобасы іске қосылды.
02
апрель
2024
“МЕНІҢ БАУЫРЫМ” еріктілер жобасы іске қосылды.
      Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен “МЕНІҢ БАУЫРЫМ” еріктілер жобасы іске қосылды.Жобаның мақсаты:Мектеп оқушыларының құқықтарын қорғау арқылы олардың қолайлы және дамытушы білім беру ортасында тәрбиелеуіне үлес қосу.
Халықаралық құстар күніне орай көрме ұйымдастырылды
02
апрель
2024
Халықаралық құстар күніне орай көрме ұйымдастырылды
      №178 мамандандырылған лицей кітапханашылары 7 сынып оқушыларымен халықаралық құстар күніне орай көрме ұйымдастырды. Мақсаты: балаларды табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға, аялауға тәрбиелеу. 
7-10 сынып оқушыларына “Көктемде ағзамызға қандай дәрумендер қажет?” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
02
апрель
2024
7-10 сынып оқушыларына “Көктемде ағзамызға қандай дәрумендер қажет?”
7-10 сынып оқушыларына “Көктемде ағзамызға қандай дәрумендер қажет?” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, жемістердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа,тапқырлыққа баулу.
«Мұзафар Әлімбаев 100 жыл» тақырыбында  9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
02
апрель
2024
«Мұзафар Әлімбаев 100 жыл» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып
N178 мамандандығылған лицейде «Мұзафар Әлімбаев 100 жыл» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
Су басқанда және одан кейін не істеу керегін білесіз бе? Су тасқыны кезінде есте сақтайтын 6 кеңес!
01
апрель
2024
Су басқанда және одан кейін не істеу керегін білесіз бе? Су тасқыны
      Апат айтып келмейді, бірақ қазақта «сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар. Елімізде көктем келсе, су тасқыны мен сел жүру қаупі күшейе түседі. Су басқанда және одан кейін не істеу керегін білесіз бе? Су тасқыны кезінде есте сақтайтын 6 кеңес!
Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды
29
март
2024
Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды
Еліміздің мектептерінде төртінші тоқсан басталды Қазақстандық мектептердегі төртінші тоқсан 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ, 25 мамырда қорытындылар шығарылып, оқу жылы аяқталады.