Әдістемелік жұмыстар » Страница 4 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-сынып оқушыларымен "Абайдан тағлым - Абайға тағзым"  атты  сыныптан тыс ісшара  ұйымдастырылды
22
ноябрь
2023
10-сынып оқушыларымен "Абайдан тағлым - Абайға тағзым" атты
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 10-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған "Абайдан тағлым - Абайға тағзым"  атты  сыныптан тыс іс-шарада оқушылар Абай Құнанбайұлы туралы оқыған шығармаларын иллюстрациялық суреттер арқылы бейнелеп, түйген ойымен, әсерлі сезімдерімен бөлісіп, арнау өлеңдерін оқып, Дана да, дара тұлға Абай шығармаларынан мол тағлым ала отырып, өмірлік ұстаным ретінде қалыптастырғанын байқадық. Ұйымдастырған  Етекбаева  Жанар  ұстазына оқушылардың алғысы
7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында ашық сабақ өтілді
21
ноябрь
2023
7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтуде. 7"Ә" сыныбында қазақ тілінен "Достық - өмірлік нұсқа" тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Ертуганова Б.Т. сабақта түрлі әдістер мен жаңа технология бағыттарын тиімді қолдана білді. Оқушылар түгелдей сабаққа атсалысып,тапсырмаларды қызыға орындады. Сабаққа әріптестер  жақсы пікірлер білдіріп, мұғалім мақсатқа жеткендігі айтылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә" сыныбымен "Сүйіспеншілік бастауы - туған жерді сүю" тақырыбында ашық сабақ өтті
21
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә"
    №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Женсикбаева Назгүл 7"Ә" сыныбымен "Сүйіспеншілік бастауы - туған жерді сүю" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданып, балалардың қызығушылығын арттыра білді.
"Ақын - елдің ардағы"
21
ноябрь
2023
"Ақын - елдің ардағы"
     №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында сыршыл ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Ақберен Елгезекпен  «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті. Кештің негізгі желісі қаламгердің «Болмаған балалық шақ» повесінің мазмұны бойынша өрбіді.       Кездесудің «Поэзия минуты» бөлімінде оқушылар ақынның «Тілек», «Түнек басып тұрғанмен көңілде нұр», «Мама»  және тағы басқа өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдеріне
«EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі
21
ноябрь
2023
«EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі
     2023 жылдың 21 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында «EKI Zhulduz CUP II» дебат турнирі өтті. Үздік ойын, әділ төрешілік, ерекше атмосфера сыйлаған бұл турнирдің басты ерекшелігі ОҚУШЫ  мен МҰҒАЛІМнің микс болып команда құруы! Турнир ұстаз бен оқушының арасындағы байланысты нығайтып, құндылықтарды насихаттауға бағытталған!        «Туран» университетінің «Sirius» дебат клубының  студенттері турнир төрешілері ретінде қатысты. Турнир
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
ноябрь
2023
Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлендиева Самал Төлендіқызы 7 “В“ сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйіспеншілік - шынайы сезім” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім өткізілген сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, сабақтың оқу мақсатына жетті.  
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Кенжебаева Мая Кыпшаковна  “Тәуелсіздік тағылымы” тақырыбында ашық сабақ өткізді
20
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы
     “Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” атты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Кенжебаева Мая Кыпшаковна  “Тәуелсіздік тағлымы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мая Кыпшаковна  сабақ барысында оқушылардың танымдық ойы мен шығармашылығын сабақтастыра білді.
“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді
17
ноябрь
2023
“Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді
     «Мәңгілік ел –  мәртебелі тіл» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы онкүндігінің аясында “Сегіз қырлы, бір сырлы" тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Мақсаты: оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ана тілін ардақтауға, халықтың әні мен күйін сүюге тәрбиелеу. Іс-шарада 9 «Ж» және «9Ж»  сынып оқушылары дайындаған «Бұл кино бұрынғыдан өзгерек» тақырыбында танымал қазақ киносынан алынған үзіндіге дыбыстық дубляж жасау шеберлігін тамашалап, актерлық шеберлік
“Кітап оқу” сайысының  І кезеңі өз мәресіне жетті
17
ноябрь
2023
“Кітап оқу” сайысының І кезеңі өз мәресіне жетті
     Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында “Оқуға құштар мектеп” жобасы негізінде өткізіліп жатқан “Кітап оқу” сайысының  І кезеңі аяқталды.  Қатысуға ниет білдірген 50 оқушының 25 -і кітап бойынша жазбаша алған тест уақытында жауап берді.  Жоғары балл жинаған төмендегі 17 оқушы ІІ кезеңге өтті. 1. Жадигер Нұрай 8 11“Б” 2. Адылбекқызы Каусар 8 “Д” 3. Кулшынбаева Райана 9 “Ж” 4. Сакенов Баймұрат 7 “Д” 5. Құрмаш Абылайхан 7 “А” 6. Анель Баяш 9 “Ж” 7. Сейтжан Ажар 8 “Ғ” 8.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Толғанай Оразалиева "Ұлы адамдар достығы" тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өтті
17
ноябрь
2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Толғанай
     “Мәңгілік ел- мәртебелі тіл” атты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының онкүндігі жалғасуда. Онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Толғанай Оразалиева "Ұлы адамдар достығы" тақырыбында қазақ тілінен ашық сабақ өтті. Оқушылардың болжау арқылы тақырыпты ашуы, оқу мақсатына сәйкес алынған тапсырмаларды орындауы, шығармашылықтың шыңы іспеттес бағалаушының мұнарасын тұрғызуы сабақтың құндылығын арттыра түсті.