Көрісу күні – Амал мерекесі
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. 7 "Ғ" және 8 "З" сынып оқушылары мерекеге орай ұстаздар мен оқушыларды салтанатты түрде қарсы алып, мерекелерімен құттықтады. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын!