«Жемқорлыққа тосқауыл қою – басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жемқорлыққа тосқауыл қою – басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел өтті
24
апрель
2019

«Жемқорлыққа тосқауыл қою – басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел өтті

    2019 жылдың 24 сәуір күні №178 лицейде «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа тосқауыл қою – басты міндетіміз» атты дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – білімді және патриотты тұлға қалыптастыру және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын жандандыру.
  Шараға «Жас Ұлан» ұйымы мен «Жас полицияның көмекшілері» жасағының оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелді «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан жүргізді. Клубтың мақсаты мен міндеттері туралы толық ақпарат берді. 10 «Б» сынып оқушысы Нұғман Нұрғали «Білімді де патриотты жастар – елімнің іргетасы» тақырыбындағы баяндамасын оқыды.
  Оқушылар түрлі сұрақтардың жауабын талқылады. Мәселен, жемқорлық рейтингісі бойынша Қазақстан, Нигер, Ганзания, Пакистан, Гондурас, Эфиопия елдерінен кейін тұр. Бірақ Қазақстанның табиғат ресурстары да көбірек, экономикасы мықтырақ. Соның бәрінен бір сұрақ туындайды, Қазақстан неге осы елдерден кейін орын алып жатыр? Жемқорларға қандай жаза қолданылады? Пара берген және пара алған адамдарға жаза бірдей ме, әлде олар әртүрлі баппен кете ме? Қазақстан қазір жемқорлық рейтингісі бойынша 123 орынды алып тұр. Келесі жылдары еліміз қай орынға келеді деп ойлайсыз? Еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қазіргі кезде қандай шаралар қолданылып жүр? Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қай елді үлгі етіп алуға болады? Міне, осы сұрақтар төңірегінде оқушылар маңызды мәліметтерді талқылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: