«Алғыс айту» күні » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
февраль
2020

«Алғыс айту» күні

    Жер жүзі жаңарған шақтың алғашқы мерекесі – "Алғыс айту" күніне арналған іс-шаралар №178 лицейде жоспарға сәйкес 2020 жылғы ақпанның 29-жұлдызынан бастап өткізіле бастады. Дәстүрлі саптық жиында 5-сыныптардың ұйымдастыруымен өткен «Ізеттілік пен құрмет, сүйіспеншілік» атты іс-шара осы мерекенің мән-мағынасын кеңінен ашты. Олар өздерінің ата-анасы мен сүйікті ұстаздарына алғыс айту мақсатында шығармашылық қойылымдарымен барша көрермендерді "Алғыс айту" күнімен құттықтап, өздеріне көрсеткен ерекше қамқорлықтары мен аялы алақан, жылы лебіздері үшін ата-аналарына бас иіп, білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдеріне рақметтерін айту арқылы мерекенің көркін кіргізді. Кеңпейіл де қонақжай қазақ халқының болмысынан терең сыр шертетін мерейлі мерекеде лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы барша оқушылар мен олардың ата-аналарына, педагогикалық ұжымға дендеріне саулық, отбасыларына амандық, істеріне сәттілік тіледі.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: