«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.
08
октябрь
2018

«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

Алматы білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №5-11-5/3391-и хаты негізінде «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 қыркүйек пен 06 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық материалдық ынталандыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өтті.
«Мұғаліміңді құттықта!» республикалық акция аясында 6 «Е» сыныбы пән мұғалімдерімен ашық тәрбие сағаттарын өткізіп, құттықтады.
«Ұстазға тағзым» тақырыбында лицейіміздің ардагер ұстаздары А.Танцарова мен Ж.Тлекқабылова апайлармен кездесу кеші өтті. Кеште оқушылар ұстаздарды құттықтап, кеш концертпен ұласты.
«Ұстаз-ана» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті.
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.
«№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстаздар күніне» арналған апталық өтті.

06 қазан күні лицейіміздің тірегі – ұлт болашағының мәңгі мызғымастай іргетасын мықтап қалап беруші, қадірлі ұстаздарға арналған «Ұстаз деген ұлағатқа бас идік...» атты «Оскар» стилінде салтанатты кеш өтті. Айтулы күннің керемет көріністері сахна төрінде ерекше зерделеніп, көпшіліктің көңіл-күйін бір көтеріп тастады. Оқушылар ұстаздарға деген алғыстарын «Оскар» мүсінін сыйға тартып, ұстаз мәртебесін жоғары бағалады. Лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович Білім атты теңізден шәкірттерінің кедергісіз жүзіп өтуіне себеп болған ұлағатты ұстаздарға жүрекжарды тілегін арнап, ұстаздарды марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

04 май 2018 178