«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
15
сентябрь
2018

«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – «Отбасы күні». Елбасының жарлығымен бекітілген мереке аясында «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде түрлі шаралар өткізу дәстүрге айналған. Өйткені, отбасы құндылықтарын келешек ұрпаққа жеткізу қазіргі қоғамда аса қажетті екені баршаға аян. Әкені сыйлау, ананы құрметтеу, балаға лайықты тәрбие беру, бір сөзбен айтқанда шағын мемлекет саналатын жанұя тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгеніміз жөн. Аталмыш мереке аясында осы бағытта тиісті шаралар өткізіп, отбасы құндылықтарының өзектілігін кейінгі ұрпаққа ұғындыру басты мақсат.
Осыған орай Отбасы күніне арналып «Отбасы – бақыт мекені» атты спорттық ойындардан жарыс өтті. Жарыс отбасы күнін насихаттай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты, шаңырақтың бірлігін нығайтуды мақсат етеді.
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
Спорттық бәсекеге 4 топ 5 кезеңнен тұратын сайыста ептіліктерін көрсетті. Жоғары деңгейде өткен отбасылар сайысы өз мәресіне жетіп, нәтижесінде жүлделі І орынды «Қыран» тобы алса, ІІ орын «Қайсар» тобына бұйырды. Ал ІІІ орынды «Жас қыран» тобы, ІҮ орынды «Болашақ» тобы еншіледі.
Сонымен қатар 5 сыныптардың отбасылары арасында «Отбасы – өмір аясы» атты сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - ұлттық дәстүрді насихаттай отырып, ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүр, мақал-мәтелдерді пайдалана отырып балаларды өзара сыйластыққа, адамгершілікке,имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
«Отбасы – бақыт мекені» республикалық апталық
Сайысқа Аманкелдин отбасы, Мүшелбаевтар отбасы, Жақсылық отбасы, Бекетбай отбасы, Ысқақовтар отбасы, Бірлік отбасы, Молдашовтар отбасы, Аман-Мұса отбасы қатысып «Парасатты», «Дәстүр ұйытқысы», «Үлгі тұтар», «Өнерлі», «Заманауи», «Мерейлі», «Өнегелі» отбасы номинацияларымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

04 май 2018 178
17 январь 2017 "Қамқорлық" акция