"Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.
06
май
2022

"Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

     №178 мамандандырылған лицейде "Білім беру құзіреттілерін қалыптастыру білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің құралы ретінде" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары О.И. Жақсым және Ө. Қыдырбектің басқаруымен біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Алғы сөзбен лицей директоры, э.ғ.к., қауымд. профессор К.Х. Шадиев бастап, тәжірибелік семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шеберлік сыныбында лицейдің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.А. Даулетбаева, Г.А. Байтелиева және А.Қ. Баймұратов «Лицейді басқарудың автоматты (website) жүйесімен» таныстырды. Сонымен қатар, биология пәнінің мұғалімі, п.ғ. магистрі, педагог-зерттеуші А.Б. Айдарова «Сабақтағы геймификация: оқушылардың танымдық әрекетін дамыту», математика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер А.И. Бектасова «Математика пәні жұмыстарының электронды қоры», информатика пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеушілер М.А. Нурмухамедова мен Б.К. Досымова «Информатика пәнін цифрландыру жүйесі» тақырыптырында өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал лицей психологі Ж.А. Агажанованың «Психологиялық тимбилдинг» тренингі тәжірибелік семинарға қатысушыларға сергіту сәтін сыйлады.
Семинар соңында республиканың әр түкпірінен келген директор орынбасарлары кері байланыс пен ыстық ықыластарын білдірді.
   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: