Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды.
15
апрель
2022

Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды.

     Мұқаш Ермұхан Лицейіміздің су жаңа Президенті болып сайланды
Бүгін, таңғы және күндізгі ауысымда лицейіміздің 5-10 сынып оқушыларына өз жұмыстарын таныстырып, үміткерлер өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Мұқаш Ермұхан аса басымдықпен көп дауыс жинап, Серікұлы Әлиханның орнын басты.
Сонымен дауыс нәтижесі:
1. Мұқаш Ермұхан - 352 дауыс
2. Байжұма Бексұлтан - 310 дауыс
3. Ахметжан Нұрбике - 146 дауыс
4. Доғдырбай Ернұр - 62 дауыс жинады.
Лицей Президенттігіне үміткер ретінде қатысып, өз бақтарын сынаған оқушыларымызға өз алғысымызды білдіреміз!
Сондай-ақ екінші орынға тұрақтаған Байжұма Бексұлтан лицейдің Вице-Президенті жұмысын атқарады.
Ал, Ахметжан Нұрбике Білім министрі, Доғдырбай Ернұр Спорт министрі қызметтерін атқаратын болады. Бүгінгі Президенттік сайлау өте жоғары, әрі қызықты деңгейде өтті. Дауыс берген, қатысқан барлық оқушыларымызға өз алғысымызды білдіреміз!
Лицей атмосферасын жасау өздеріңіздің қолдарыңызда.
Жарайсыңдар, құрметті лицей оқушылары!
Рақмет!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: