5 сыныпқа қабылдау және құжаттарды тіркеу жұмыстары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 сыныпқа қабылдау және құжаттарды тіркеу жұмыстары
03
март
2021

5 сыныпқа қабылдау және құжаттарды тіркеу жұмыстары

Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына №178 мамандандырылған лицейге 5-сыныпқа конкурстық іріктеу негізінде оқушыларды қабылдайды.
Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Конкурстық іріктеу 15-30 сәуір аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офлайн).
5-сыныпқа түсушілер үшін келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
• математика және логика - 30 сұрақ;
• оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
5-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 60 минут.
КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯ ӨТКІЗІЛМЕЙДІ.
Қосымша мәліметтерді №178 мамандандырылған лицейдің техникалық хатшысынан білуге болады: 8 (707) 370-1774 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: