№178 лицейдің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №178 лицейдің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі
24
октябрь
2020

№178 лицейдің қаржыландыру бойынша кіріс және шығыс есебі

    2020 жылдың 24 қазан күні №178 лицейде ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі бойынша жиналыста Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-бөлімі негізінде лицей директоры К.Х.Шадиев бейне-конференция байланыс арқылы лицейге бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. 2020 жылға арналған кіріс және шығыс есебінде лицей қаржысының мақсатты жұмсалғаны туралы толық түсініктеме беріп, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
     Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.С.Шажабаева қашықтықтан сабақ беруде оқушыларға сапалы білім берудің бірнеше жолы қарастырылғандығын, синхронды түрде мұғалімдер оқушылармен түрлі онлайн-платформалардың көмегімен байланысқа шығып, «Daryn.online», «BilimLand (яғни, МектепОнлайн)», «СФЕРА» платформалары мұғалімдер мен ұстаздардың қалауы бойынша қолданып жатқандығын, "Zoom" жүйесі арқылы онлайн бетпе-бет сабақтар өткізіліп жатқандығын айтып өтті. «5-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі. 5-15 қазан аралығында 5-11 сыныптарда БЖБ өткендігін, 28 қазаннан бастап 5-11 сыныптарда ТЖБ мектеп әкімшілігі жасаған кестесіне байланысты белгіленген уақытта өткізіледі» - деп атап көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: