«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы
12
август
2020

«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы

    2020 жылғы 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығындағы лицейде «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.   Шараға оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогтар мен ана-аналар, үкіметтік емес ұйымдар, шығармашылық қоғам және БАҚ өкілдері қатысады. Акция барысында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып балалардың жеке құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі онлайн-іс шаралар ұйымдастырылады.
  Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту, сонымен қатар балаларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалдыру мәселелері бойынша ата-аналардың онлайн-жиындары  өткізіледі.
     Акция шеңберінде өткізілетін әр іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдылары мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: