Лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару арнайы жүлде
ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған "Балалар жылы" аясында өтіп жатқан республикалық байқауға лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару ақын Олжас Қасымның "Ту деген не?" атты өлеңін оқып, арнайы жүлдеге ие болып, орталықтың атынан 10 000 теңге көлемінде арнайы бағалы сертификатқа ие болды. Құтты болсын! Лицейіміздің талантты, алғыр оқушылары көп болсын!