Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасын оқушыларға таныту мақсатында
Қазақстан Республикасының білім саласына ерен еңбегі сіңген, өмір жолы мен ұстаздық жолында өзіндік даралығы бар құрметті ұстаз, «Алаштың Аягүлі» атанған тұңғыш Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасын оқушыларға таныту мақсатында №178 лицейде «Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет» атты тәрбие сағаттары өтті.